15 Желтоқсан, 2016

Ертең елордада «Алмас қылыш» фильмінің тұсаукесері өтеді

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-12-16-kino

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Қазақ Елі» сериалының кинонұсқасы – «Алмас қылыш» фильмінің тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Министрлік хабарламасында аталған туынды Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Centaurus Rustem Abdrashev production»  ЖШС-нің қатысуымен түсірілді делінген. Айта кетейік, бұл ауқымды тарихи жобаның авторы – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.