15 Желтоқсан, 2016

"Егемен Қазақстан" қызметкерлері марапатталды

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін «Егемен Қазақстан» редакциясында газет қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Құқық және қоғам бөлімінің меңгерушісі Александр Тасболатовқа "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалін табыстады. Сонымен қатар ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің шешімімен Мәдениет және руханият бөлімінің меңгерушісі Қорғанбек Аманжол, газет шолушысы Берік Садыр "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен, корректор Гүлназ Аймұхамбетова Құрмет грамотасымен марапатталды. Кеше «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұжым қызметкерлеріне арналған салтанатты шара барысында газет басшысы Дархан Қыдырәлі басылымның  бір топ қызметкерін Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапаттаған болатын.  aleksandr-aga korganbek-aga berik-aga gramota