15 Желтоқсан, 2016

Қазақстандық боксшы әлемдік кестеде 32-орынға көтерілді

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кәсіпқой бокста жеңіліс көрмеген қазақстандық Иса Ақбербаев беделді бокс қауымдастығында өз рейтингін нығайта түсті, деп хабарлады sports.kz. Майами штатындағы WBC конвенциясында Ақбербаевтың әлемдік кестеде бірден 8 орынға көтеріліп, 32-орынға жайғасқаны белгілі болды. Ол алдағы жекпе-жегінде жеңіске жеткен жағдайда үздік 20 боксшының қатарына кіреді.