16 Желтоқсан, 2016

Тəуелсіздік мерекесінде көп балалы отбасы баспаналы болды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16-12-16-ui

Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай Целиноград ауданының Қоянды ауылында көп балалы отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мереке қарсаңында аудандағы «АйМак-ИнвестГрупп» ЖШС-нің демеушілігімен көп балалы отбасы, яғни 5 баланың қамқоршылары Даурен Абатов жəне Алмасгүл Үркітбайдың отбасына жаңа үйдің кілті салтанатты түрде табысталды. Қуанышты шараға Қоянды ауылдық округінің әкімі Өмірсерік Ержанов пен аталған компанияның басшысы Қанат Ысқақов сөз сөйлеп ауыл тұрғындарын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады. Одан əрі ауыл ақсақалы Баянбай Мәлік бата беріп, көп балалы жанұя жаңа баспаналарына қоныстанды.