16 Желтоқсан, 2016

Шығысқазақстандықтар Тәуелсіздік мерекесін тойлауда

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16-12-16-kala-111

Өскеменде Тәуелсіздік күнін атап өту әртістердің өлең айтып, би билеп, өнер көрсеткен концертінен бастау алды, деп хабарлайды ҚазАқпараті. Мерекелік концерт халықтық серуенге ұласты. Түрлі алаңдарда тұрғындардың ұнатқан ісімен айналысуына, яғни армрестлинг, гир тасын көтеріп, арқан тарту секілді спорттық ойындар ойналды. Сонымен қатар, түс ауа ауылшаруашылық тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуға болатын мерекелік сауда-саттық басталды. Қолөнершілер өз жұмыстарын ұсынды. Облыс орталығындағы халықтық серуен күні бойы өтеді және кешке жастарға арналған концерттік бағдарлама қойылады.