Кеше облыс әкімдігінің мәжіліс залында Азаттықтың 25 жылдығына орай Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен республикалық салтанатты жиынның тікелей көрсетілімі болды.
Оған мәслихат депутаттары өңір жұртшылығы мен активінің Қазақстан халқы Ассамблеясы, ардагерлер ұйымдары, шығармашыл зиялы қауым, білім және денсаулық сақтау салалары, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік және мерейтойлық марапат иелері қатысты.
Елбасы Қазақстанның ширек ғасырдағы табысын електен өткізді. Осы аралықта экономика артып, әлеуметтік жағдай біршама түзелді. Қазақ тілінің өрісі кеңейді. Медицина саласында айтарлықтай алға жылжу байқалады. Бір ғана мысал, Қазақстан жасанды жүрек орнату жағынан әлем бойынша Германия мен АҚШ-тан кейінгі үшінші орында тұр. Мемлекет басшысы Үкіметке алдағы жылдан бастап дүниеге келген сәбиге берілетін жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерін 20 пайызға өсіруді тапсырды. «1991-2016 жылдар аралығында қазақстандықтардың табысы 40 есеге, ал елдің ішкі жалпы өнімі 20 есеге артты. Шамамен 2 миллион жұмыс орны ашылды», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы елдің дамуы жолында жұмыс істеген барша қазақстандыққа алғыс айтты. Ең күрделі кездің өзінде отандастардың қолдауы күш-жігер бергенін жеткізді.
Тәуелсіздік жылдарында мыңдаған мектептер мен балабақшалар салынып, ағарту ісіне жаңа технологиялық әдістер енгізілді. Азаттық алған айшықты мерекеге арналған жиында Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың жадына сапалы білім, саналы тәрбие сіңіру үрдісі жалғаса беретінін айтты. Әсіресе, әрбір жас қазақстандық кәсіптік бағдарда оқытылып, қоғамға дайын маман болып қосылатыны аймақ ұстаздарын қуантты. «Мектептегі балалардың тек қана білім алып қана қоймай, бір кәсіпті игеруіне мүмкіншілік жасалатыны, біздің ұлттық білім-ғылымның, руханият мамандарының өркениетті түрде білім алатынына және осы саланың дамуына арналған Елбасының сөздері ерекше тебірентті. Жаңа технологияларды, жаңа мамандықтарды игеруде, білім-ғылым саласын жетілдіру, отандық өндірістерді өркендетуге осының барлығына негіз қаланып тұр», дейді тікелей эфирді тамашалаған М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің директоры Әлима Әбдіхалықова.
Шара соңында қатысушылар мерекелік жиын туралы пікір білдіріп, мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы еңбегін атап өтті.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан
ҚЫЗЫЛОРДА

Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
Үздік IT-мамандар жүлде қоры 3 млн теңгелік чемпионатта бақ сынайды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Атырауда бір жылда 92,5 мың балаға тегін стоматологиялық көмек берілді
Медицина • Бүгін, 16:40
Сербия Президенті Астанаға ресми сапармен келді
Саясат • Бүгін, 16:30
Шығыста экспорттық жүк тасымалы артты
Экспорт • Бүгін, 16:25
БЖЗҚ активтерінің тиімділігі: Жинақталған кіріс 14 трлн теңгеге жуықтады
Қоғам • Бүгін, 16:20
Әмірліктер неге биткоин монеталарын сатпай, сақтап отыр?
Қаржы • Бүгін, 16:11
Қазақ сарбазы халықаралық байқауда жеңіске жетті
Өшпес даңқ • Бүгін, 16:08
Балқашта алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Келісімшарт – кәсіби армияның тірегі ме?
Әскер • Бүгін, 15:48
Азия чемпионаты ма әлде темірдей тәртіп пе? Семейдегі пойызды кідірткен қандай жағдай?
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Жамбылда оқушылардың әлімжеттігі үшін ата-анаға айыппұл салынды
Қоғам • Бүгін, 15:32
Испания Ұлттық балетінің әртісі Астанада шеберлік сағатын өткізді
Мәдениет • Бүгін, 15:20