17 Желтоқсан, 2016

Тәуелсіз ел ұландарын тәрбиелеудеміз

258 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
dsc_0289Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқын Тәуелсіз­дігі­міз­дің 25 жылдығымен құттық­тауын М.Ғабдул­лин атындағы мектеп-гим­назия­­мыз­­дың салтанат залында тікелей эфир­ден тамашаладық. Көрсетілімге жоға­ры сынып оқушыларының арнайы қатысуы бізді ерекше қуанышқа бөледі. Өйткені, Тәуелсіздік шаңырағында туған бүгінгі жасөспірімдердің бойында ертеңгі күннің жауапкершілігі бар екендігін ұқтық. Мұны Тұңғыш Президентіміз: «Тәуел­сіздік­тің 25 жылы – біздің буынның уақыт өл­шеміне сыймайтын теңдессіз ер­лігі» деген сөздерімен санамызға жеткізді. Президентіміздің, Қазақстан халқының бізге берген үлкен бақыты мен жақсылы­ғы – бейбіт күнде алаңсыз білім беруі­мізді  қамт­амасыз еткендігі деп білеміз. Елбасы­мыз Көкшетауға келген сапарларында мек­теп оқушыларымен, жастармен кездесу­ге зор мән береді. Мемлекет тарапынан жа­са­лып жатқан қамқорлыққа ризамыз. Біз­дің 97 жылдығын тойлаған мектеп-гимна­зия­мызда барлық қолайлы жағдайлар жа­сал­­ған. Кабинеттер заман талабына сай жабдықталды. Біздің мектеп – қазақ тілінің құндылық­тарын тереңнен насихаттайтын озық білім ошағы. Бұған асыл ұя оқушыларының шешен­дік қабілетін арттыратын «Шаңырақ» пікір-сайыс клубы айқын дәлел бола алады. Тарих пәнінің мұғалімі, сонымен қатар клуб­тың жетекшісі – Сағын­дық Серікбаевтың  арқасында көптеген оқушы рес­пуб­ликалық байқаулар мен жарыстарға қа­ты­сып, жүлделі орындарды иемденуде. Жыл сайын елордамыз Астана қаласында «Astana Open» республикалық пікірсайыс тур­­нирі өткізіліп, біздің түлектеріміз «Үз­дік спикер» лауазымын бірнеше рет ие­лен­­ді. Жастар үшін  аталмыш үйірме өте пай­далы. Елбасы мерекелік құттықтауында жас өркеннің жаңа замандағы орнына ерекше тоқталды. Бұл ғылыми прогресс пен озық технологиялар дәуірі болмақ. Біз білім нәрімен сусындатып жатқан оқушылар осы лектің қатарында өз қабі­летін көрсетеді деген сенімдемін. Жақын­да біздің білім беру ордамызда бұ­рын-соңды болмаған, әр мектепте кез­десе бермейтін роботты техника үйір­месі ашылған болатын. Бұл үйірме бө­л­месі арнайы құрал-саймандармен жаб­дық­талған. Робот үлгілері «Lego» конструк­тор­ларынан құрылады. Бұл үйірменің жетекшісі – информатика пәнінің мұғалімі Әйгерім Бершімова. Мектебіміздің 11 «а» сыныбында оқитын Әлімхан Әбілқайыров робот жасаумен айналысады. Нұрсұлтан Назарбаев қарқынды дамып келе жатқан мегаполис, жаңа елорда – Ас­тана­ның құрылуын басты табыс­тары­мыз­дың бірі ретінде атап өтті. Әсем қала бар­шамыздың жүрегімізге ыстық, ондағы саяхат­тарымыз ұмытылмас әсерге бөлейді. Оқушылар оны шығармаларына қосып жазуда. Сондай-ақ, мектеп бітірушілер осы қаладағы оқу орындарына түсіп, білім алуды армандайды. Тәуелсіздігіміздің қуанышы көбейе бергенін қалаймыз. Айман Қазбекова, М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназияның жоғары санатты мұғалімі КӨКШЕТАУ