Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Конституциялық мәртебесі бар айрықша институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының өмірге келіп, осы елдегі барша этнос өкілдерінің игілігі мен ынтымағына қызмет етіп отырғаны үшін ең алдымен Президентімізге алғыс айтамыз. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиында жасаған Президентіміздің баяндамасын зор ықыласпен тыңдадым. Еркін елде өмір сүріп жатқанымыз үшін қуандым, Тәуелсіздікті нығайту үшін жүзеге асырып жатқан табыстар туралы естіп, марқайдым. 25 жылда қол жеткен жетістікті саралап, «Неден ұттық? Осының бәріне қалайша қол жеткіздік?» деген мәні бар сұрақтарды ел алдындағы есебі, келешекке жасаған бағдары іспетті маңызды ойларын кең пішіп, кемел түйіндейтін мінезімен жан-жақты баяндады. Қайталаудан жалықпай айтып келе жатқан «Келешегіміз – бірлікте!» деген сөзін өте көрегенділікпен айтылған сөз деп білемін.
Қазақстанда қыруар шаруалар атқарылып жатыр. Елбасымыз егемен елді ертеңге алып өтетін алтын көпір салды, Тәуелсіздік жолына миуалы ағаш екті, Тәуелсіздікті армандаған халқы үшін шөлден құдық қазып, аңқасы кепкен жұртына зәм-зәм суын берді. Осы халықпен біте қайнасып, елдің өркендеуі жолында қажыр-қайратын аямай еңбек етіп жатқан барлық халықтың құрамында біз де, ұйғыр ұлты да тыныштықты, ынтымақ- бірлікті, бейбітшілік пен достықты, рухани келісімдерді нығайтуға өз септігімізді тигізіп жатырмыз деген ой мені де жылытады. Себебі, биылғы Тәуелсіздік күнінің атаулы мерекесіне орай 83 жылдық тарихы бар Ұйғыр музыкалық драма театрына «академиялық» деген үлкен мәртебе берілді. Халықтың рухани, мәдени өрісін кеңейткен өнер ордасының еңбегіне лайықты баға беріп, абыройын өсіргені Қазақстанда тұрып жатқан күллі ұйғыр халқының мерейін тасытып, қуанышқа бөледі. Мұндай абыройлы атақты иелену біз үшін бақыт.
Ахметжан АШИРИ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург
АЛМАТЫ

Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
Үздік IT-мамандар жүлде қоры 3 млн теңгелік чемпионатта бақ сынайды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Атырауда бір жылда 92,5 мың балаға тегін стоматологиялық көмек берілді
Медицина • Бүгін, 16:40
Сербия Президенті Астанаға ресми сапармен келді
Саясат • Бүгін, 16:30
Шығыста экспорттық жүк тасымалы артты
Экспорт • Бүгін, 16:25
БЖЗҚ активтерінің тиімділігі: Жинақталған кіріс 14 трлн теңгеге жуықтады
Қоғам • Бүгін, 16:20
Әмірліктер неге биткоин монеталарын сатпай, сақтап отыр?
Қаржы • Бүгін, 16:11
Қазақ сарбазы халықаралық байқауда жеңіске жетті
Өшпес даңқ • Бүгін, 16:08
Балқашта алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Келісімшарт – кәсіби армияның тірегі ме?
Әскер • Бүгін, 15:48
Азия чемпионаты ма әлде темірдей тәртіп пе? Семейдегі пойызды кідірткен қандай жағдай?
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Жамбылда оқушылардың әлімжеттігі үшін ата-анаға айыппұл салынды
Қоғам • Бүгін, 15:32
Испания Ұлттық балетінің әртісі Астанада шеберлік сағатын өткізді
Мәдениет • Бүгін, 15:20