17 Желтоқсан, 2016

17 желтоқсанға арналған ауа райы

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-12-16-sneg

Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты бұрынғыша тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашынды, тек батыста күн ашық. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, өңірдің оңтүстік-батысында жел 30 м/с аса күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28, таулы өткелдерде 30 м/с аса, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 25, түнде Жалаңашкөл ауданында екпіні 30 м/с аса күшейеді. Павлодар облысында  жел  тұрады,  15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын болуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, жол үстінде көктайғақ болады, жел  18-23, күндіз екпіні 30 м/с аса күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қостанай,  Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын болуы мүмкін.