17 Желтоқсан, 2016

Елордада шырша сататын базарлар ашылды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-12-16-elka

Астанада қылқанжапырақты талдар сатылатын орындар белгілі болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты. Бүгінгі таңда қылқанжапырақты ағаштарды Астанадағы «Сәлем» орталық базары, (Тілендиев даңғылы, Алаш жолы), «Астықжан» сауда үйі (Бейсеков көшесі), «Алма» сауда үй (Республика даңғылы), «Гүлжан» сауда үйі (Абылайхан даңғылы), «Тұлпар» сауда үйі (Уәлиханов көшесі), «Астықжан» сауды үйі (Ақжол көшесі) маңындағы арнайы базарлардан алуға болады. Ағаш саудалаушылардың барлығында Ресей Федерациясынан шыршалар мен қарағайларды жеткізуге рұқсат беретін құжаттар пакеті бар. Астананың табиғатты қорғау полициясы қылқанжапырақты ағаштарды кесу әрекеттерін қатаң бақылауда ұстап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар әсіресе елорда маңындағы жасыл белдеуде ерекше назарға алынған. Осы мақсатта табиғат қорғау полициясы қызметкерлерінен, «Астана Орманы» МКК және «Жасыл аймақ» РМК жұмыскерлерінен мобильді топтар жасақталды. «Астана Көгалдандыру» АҚ жұмыскерлерімен бірлесе отырып қала ішінде өсіп тұрған қылқан жапырақты ағаштар отырғызылған орындар тексерілуде. ІІД «Рубеж» стационарлық-бақылау бекеттерінде кезекшілік жүргізіледі. ҚР Қылмыстық кодексінің ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау 340-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.