17 Желтоқсан, 2016

Солтүстік Қазақстанда кәсіпкерлер марапатталды

205 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

17-12-16-podarko

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында СҚО әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бизнесмендерді марапаттады, деп хабарлады ҚазАқпарат. СҚО КП директорының орынбасары Марат Ысқақов Кәсіпкерлер палатасы жұмысының қорытындысын шығара келе, 3 жылда палата мен оның филиалдарына 10 мыңнан астам кәсіпкерлердің өтініші түскенін атап өтті. Оның жартысына жуығының құқықтық сипаты бар. Осы уақыт ішінде солтүстікқазақстандық бизнесмендердің құны 500 млн теңгеден астатын шаралар бойынша мүдделері қорғалған. Кәсіпкерлер палатасының ұсынысы негізінде облыс прокуратурасы мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері бойынша 35-тен астам прокурорлық назар аудару актілері енгізілді. «Біз маңызды мереке - Тәуелсіздіктің 25 жылдығында кездесіп отырмыз. палатаның негізгі міндеттерінің бірі бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және кәсіпкерлік қызметті қалыпты жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды анықтау болып табылады. Палатаның негізі қаланған сәттен бастап қол жеткізген нәтижелер бизнес өкілдерімен тиімді өзара жұмыс істемегенде сәтті болмас еді», - деді М. Ысқақов. Облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысуға және әлеуметтік-экономикалық дамуға елеулі үлес қосқаны үшін СҚО әкімі алғыс хатымен Алла Сокол («Сокол» сауда кешені» ЖШС), ӘКК оқытушысы Иван Слипецкий марапатталды. ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы байқауына белсенді қатысқаны үшін «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевтың алғыс хатымен «Киров» атындағы зауыт» АҚ, Фирма Алекри» ЖШС, «AVAGRO» ЖШС, СҚО Кәсіби-педагогикалық колледжі марпатталды. Әлеуетті, жаңадан бастаған, жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді тәлімгерлік қағидаттармен «Жобалық оқыту» компонентін іске асыруда ынтымақтастығы үшін Кәсіпкерлер палатасынан алғыс хатты «АБВГДейка» балаларды зияткерлік дамыту орталғының басшысы Ольга Жаркова, СҚМУ «Ауыл шаруашылығы» кафедрасының доценті Ақан Жүнісов, «СҚО рестораторлар мен отельерлер қауысдастығының» төрағасы Сайран Хамзин марпатталды. Тағы 16 субъекті КП алғыс хатын алды.