17 Желтоқсан, 2016

Полад Бюльбюль оглы: Қазақстан болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

17-12-16-polad-byul-byul-ogly

Қазақстан бүгінде болашаққа нық сеніммен қадам басып келе жатқан ел деп санайды РФ-дағы Әзербайжан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, кеңес және әзербайжан эстрада әншісі, актер, композитор, педагог, өнертану докторы, профессор Полад Бюльбюль оглы. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Қазақстанның жетістіктері өте көп, оны бір сұхбатта айтып жеткізу мүмкін емес. Қазақстанның Кеңес Одағынан шығып, әлемге беделді мемлекетке, көрнекті көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өз-өзін қамтамасыз еткен, егеменді, тәуелсіз елге қалай айналғаны менің көз алдымда өтті. Бұл біртуар тұлғаға үлкен рахмет айтуымыз қажет, ол ең қиын 90-шы жылдары өз халқын, елін көптеген сынақтардан аман алып шығып, бүгінде Қазақстанды сенімді түрде алға жылжыған ел қатарына қосты», – дейді П.Бюльбюль оглы. Сондай-ақ, дипломат ел астанасының гүлденуін қазақстандық ғажайыпқа балады. «Санаулы жылдардағы астананың қарыштап дамығанын қазақстандық ғажайып дер едім. Астананы ауыстыру үшін қатаң саяси ерік-жігер қажет. Бұл қиын да күделі үдеріс. Бүгінде Астана көркіне тамсанып қарайтын қалаға айналды», – деді ол. Сонымен қатар, ол ҚХА қызметінің және ел басшысының толеранттылыққа баса назар аударуымен қамтамасыз етіліп келе жатқандығын тілге тиек етті. «Қазақстанға барған кезде әзербайжан диаспорасымен жиі кездесемін. Олар Қазақстанда жайлы өмір сүріп жатқандарын айтады. ҚХА - түрлі ұлттар мен діни сенімді біріктірудің өте тамаша тетігі. Халық назы тыңдалатынын жақсы біледі, сондықтан да сенімді әрі татулықта өмір сүруде. Осы үшін Қазақстан халқына, оның басшысына алғыс білдіру қажет. Қазақстан халқын және аса құрметті Президентке ел игілігі жолында бұдан да үлкен табыстар тілеймін. Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын!», – деді Полад Бюльбюль оглы.