17 Желтоқсан, 2016

Оралда өз қаржысына медпункт салған кәсіпкер «Жыл меценаты» атанды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-12-16-oral

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында кәсіпкер Нұрлыбай Жолдыбаев «Жыл меценаты» атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың айтуынша, Н.Жолдыбаев Тәуелсіздіктің торқалы тойына орай туған жері Талдыапан ауылдық округіне қарасты Сарықұдық елді мекенінде өз қаражаты есебінен 5,2 млн теңгеге медпункт салып берген. Жуырда ашылған медпунктте фельдшерлік және акушерлік кабинет, екпе бөлмесі жаңа аппараттармен қамтамасыз етілген. Енді ауыл тұрғындары алысқа бармай-ақ осында емделе алады. Бір айта кетерлігі, кәсіпкер аталмыш ғимаратты мемлекет иелігіне ешқандай қайтарымсыз беріп отыр. «Облыс көлемінде кәсіпкердің өз ауылына осылайша жаңа ғимарат салып беруі бірінші рет деуге болады. Оның бұл ісі үлгі етуге тұрарлық. Жалпы, ауданда кәсіпкерлердің өз ауылдарына қолұшын беруі бір бұл емес, мұндай жақсы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек», – деді аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр.