17 Желтоқсан, 2016

Түркиядағы жарылыстан зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар жоқ

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-12-16-avtobus

Түркияның Кайсери қаласында болған теракт кезінде зардап шеккен қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов. «Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, Түркияның Кайсери қаласында болған теракт кезінде зардап шеккен және қаза тапқан қазақстандықтар жоқ», – деді Ә.Жайнақов. Айта кетейік, Кайсери қаласындағы университеттердің бірінің жанындағы аялдамада жарылыс болған. Түркия билігінің айтуынша, жарылған автобуста әскерилер отырған еді. Алдын ала мәліметке сүйенсек, он үш әскери қаза тауып, 48 адам жарақат алған.