17 Желтоқсан, 2016

Мақпал Исабекова 1,5 млн теңгеге бағаланған инстаграм парақшасын сатты

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-12-16-makpal

Мақпал Исабекова талдықорғандық Әсел Қасымханова үшін инстаграм парақшасын сатты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Əнші өзінің əлеуметтік желісін 1,5 млн теңгеге бағалаған. Саудаға шыққан парақша 10 сағаттан соң сатылып кеткен. Мақпалдың айтуынша, қызығушылық танытып, сатып алам деушілер легі əлі де көп көрінеді. Халық толассыз қоңырау шалып, сатып алуға ниеттеніп жатқанын айтады. Айта кетейік, Мақпал Исабекова өзінің жеке парақшасын сатуға талдықорғандық Əселге көмек көрсету үшін, осындай қадамға барған. Əсел, қазір Қытайда ота жасатқалы жатыр. Ол көлік апатына ұшырап, бір аяғынан айырылған еді. Соңғы кезде дерті деңдеп, адам төзгісіз ауруға шалдыққаны жөнінде əлеуметтік желіге жариялап, көпшіліктен отаға көмек сұрап еді. Бойжеткеннің жанайқайына бейжай қарамаған əнші, шешім қабылдап, парақшасын сатуды жөн санаған. «Мен мұндай қадамға Əсел үшін бардым. Енді барлық қаражатты оған жіберемін. Бар тілегім Əселдің тезірек сауығып, өз ортасына оралуын тілеймін. Ал парақшамды астаналық бойжеткен сатып алды. Енді мен тыңдармандарымды, халқымды өзімнің жеке парақшамда күтемін», – деді ол. Мақпал Исабекова əлеуметтік желіде оқырманы көп эстрада жұлдыздарының бірі. Оның парақшасында 1 млн нан астам адам тіркелген.