18 Желтоқсан, 2016

2 млрд жыл өзгермеген су табылды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-12-16-su

Мамандар тереңдігі үш шақырымнан асатын Кидд шахтасын зерттеп жатыр. Үш жыл бұрын осы жерден 2,4 км тереңнен оқшау қалған су қоймасын тапты, оның жасы 1,5 млрд жыл екендігі белгілі болды. Қазір ғалымдар бұдан тереңіректе ұзақ уақыт сақталған судың бар екендігін анықтады. Соңғы жолы 3 км тереңде табылған көне қоймадағы су 2 млрд жыл сақталып келген, деп хабарлайды Science Alert. Судың құрамындағы газдарға сынама жасалып (гелий, неон, аргон, ксенон) ғалымдар оның жасы 2 млрд жылға тең деген тұжырым жасады. Бұл су тұйық күйінде сақталған. Әзірге оның құрамынан тірі ағзалар табылмады. Алайда, онда миллиардтаған жыл бұрынғы микробтардың өмір сүруі жоққа шығарылмайды. Бұл Жерде зерттелмеген тіршілік аумағы бар екендігін ғана көрсетіп қоймай, басқа планеталарда да осындай тұстардың табылатынын көрсетеді.