18 Желтоқсан, 2016

Қостанайлықтар мереке күндері қоныс тойын тойлады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
unnamed-8 Мереке күндері облыс орталығындағы жаңа «Арман» шағын ауданында 102 пәтерлі алты қабатты жаңа үй пайдалануға беріліп,  облыс әкімі  Архимед Мұхамбетов 20 қостанайлыққа пәтер кілтін табыс етті.unnamed-6 «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» акциясы бойынша мерекеге дейін күн де бір әлеуметтік нысан пайдалануға беріліп отырды. Оның қатарында  денсаулық сақтау саласына қажетті ғимараттар, спорт алаңдары, кітапхана,  газ құбыры, ауыз су құбыры бар. «Арман» шағын ауданынан тағы бір үй құрылысы жақын күндері аяқталады, 70 қостанайлық отбасы баспаналы болады», деді қоныс той иелерін құттықтаған Архимед Бегежанұлы. Жаңа тапсырылған үй «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынды. unnamed-7 Нәзира Жәрімбетова, "Егемен Қазақстан". Қостанай