Бүгінде еліміздің балалары мемлекеттің қолдауы арқасында көптеген жетістіктерге жетіп, келешекте өздерінің ел үмітін ақтайтындарын аңғартып жүр. Қоғамымызда қалыптасқан ізгілікті ортада емін-еркін өсіп келе жатқан талапты, алғыр миллиондаған жас ұрпақтың алдағы уақытта уақыт талабына сай өз қам-қарекеті, өз үні болатыны сөзсіз.
Қазіргі таңда талайға үлгі болуға лайықты, келешегінен үміт күттірген жеткіншектер өте көп. Олардың барлығын қалай мақтасақ та жарасады. Солардың арасында Астананың жас тұрғыны, қазақтың қарапайым баласы, түрлі додаларда топ жарып жүрген Алмас Мүбәраковтің де бар екенін айтқымыз келеді.
Бүгінде елордадағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп гимназиясының 5 «Г» сыныбында оқитын, 6 жасынан бастап каратэ спортымен шұғылданып, домбыра тартып, ән шырқауда да елдің ықыласына бөлене білген Алмас Мүбәраковтің спорттағы, өнердегі табыстары бір басына жетерлік.
Қаршадай баланың үлкендерше еркін сөйлеуінен, ойын ірікпей жеткізе алатынынан оның талай додаға қатысып, шыңдалып, ашыла түскені анық аңғарылады.
«Каратэден Қазақстанның чемпионымын, сондай-ақ, Астананың 4 дүркін жеңімпазы атандым. Халықаралық турнирлердің 2 мәрте күміс жүлдегері болдым. 2016 жылы сәуір айында Польшаның Быдгощ қаласында каратэ-додан өткен VII әлем чемпионатының қола жүлдегерімін. Қазіргі таңда барлығын есептегенде 25 медаль иегерімін. Бұл менің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына қосқан өзіндік үлесім деп білемін!» – дейді жас өскін.
Алмаспен сөйлесе келіп, оның өнерге де қара жаяу еместігін білдік.
Ол «Сәлем, Астана» республикалық конкурсының, «Абыз домбыра» Астана қалалық байқауының, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ұлы дала ұрпағы» тақырыбында ұйымдастырылған, Махамбеттің жас ұрпақтарына арналған І республикалық байқауының жүлдегері атаныпты.
Қазір Астанадағы №1 өнер мектебінің домбырамен ән айту бөлімінде өз талабын ұштап жүрген Алмас биыл «Мен қазақтың баласы» атты шығармашылық ән кешін де ұйымдастырып үлгеріпті. Ол өзінің бұл кешін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаған екен. Міне, қаршадай Алмастың жетістігі осындай.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»

«Көктем-2026»: Шымкентте су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді
Аймақтар • Бүгін, 13:03
«Kia Qazaqstan» зауытының ұжымы Конституция жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 12:48
«Ақылды» камералар құрығы: 12 наурыздан бастап айыппұлдар автоматты түрде жазылады
Қоғам • Бүгін, 12:42
Намаз оқымаса, ораза қабыл бола ма?
Дін • Бүгін, 12:34
Ұшу-қону жолағы жөнделеді: Елордалық жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?
Қоғам • Бүгін, 12:18
Спортшылар ел азаматтарын референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:09
Ораза кезінде екпе салдыруға бола ма?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді
Қоғам • Бүгін, 11:50
Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?
Балалар • Бүгін, 11:43
Софиядағы шаршы алаңда еліміздің төрт боксшысы өзара жұдырықтасты
Бокс • Бүгін, 11:38
Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті
Аймақтар • Бүгін, 11:22
Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 11:12
«Реал» Мбаппесіз ойнады: «Бенфикаға» қарсы матч қалай өтті?
Футбол • Бүгін, 11:07
Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?
Қазақстан • Бүгін, 10:43