Кеше Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков жұмыс барысымен Щучинск гарнизонындағы Ұлттық қорғаныс университетінде болды. Мұнда жаңа оқу жылы басталған күні салтанатты жағдайда әскери және мемлекеттік басқару факультеті мен докторантура, сондай-ақ ІІМ-нің ішкі әскерлер факультеті ашылды.
Жоғары оқу орнының негізгі міндеті – жоғары білімді магистратура мамандықтары бойынша әскери мамандар, адъюнктура мамандықтары бойынша ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау. Сонымен бірге оқу орнының құзырына әскери кадрлардың білімін көтеру және жетілдіру (курстық әзірлік – Жоғары академиялық курс (ЖАК), әскери ғылым саласында ғылыми зерттеулер жүргізу кіреді.
Тағы бір айта кетерлік нәрсе, мұнда тек Қорғаныс министрлігінің офицерлері ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің (ҰҚШҰ), Қырғыз Республикасы мен Тәжікстанның өкілдері оқып білім алады.
Биыл 60-тан астам түлек оқу орнының «Магистр» академиялық дәрежесі бойынша «Әскери және әкімшілік басқармасы», «Әскери білім», ал қайсыбірі «Техникалық қамтамасыз ету басқармасы», «Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық процесс басқармасы» мамандықтары бойынша білім алып шықты.
Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери оқу орындарының әлемдік стандартқа сай заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгендігін және оқу бағдарламасының түпкілікті жаңартылғандығын атап өтті. Оқу процесіне бүкіл офицерлер құрамы қамтылған.
Жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрі Кадет корпусының интерактивті және компьютер сыныптарын аралап көрді. Ұлттық қорғаныс университетінде мультисервистік құралдармен жабдықталған сыныпта өткен офицерлердің алғашқы сабағына қатысты.
Жүніс ОМАР, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің бөлім бастығы, полковник.
-------------------------------------
Суретті түсірген Ермек САРБАСОВ.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады
Қоғам • Бүгін, 11:34
Түркістан облысында газобетон өндіретін кәсіпорын іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша теңге?
Қоғам • Бүгін, 11:11
Алғашқы тарауық намазы қашан оқылады?
Дін • Бүгін, 11:08
Енді Шу мен Отар арасында электрпойызы қатынайды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Таразда мектеп оқушысын ұрламақ болған екі күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:45
Оралдық ғалымдар жаңа агрожоба ұсынды
Білім • Бүгін, 10:22
ҰБТ: Қостанай облысында талапкерлердің 74%-ы шекті балл жинады
Білім • Бүгін, 10:15
Еліміздің су қоймалары тасқын суға дайын ба?
Қоғам • Бүгін, 10:07
Руханият • Бүгін, 09:55
Бүгін қай өңірлерде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:49
Қаржы • Бүгін, 09:35
18 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:29
Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша бақ сынайды?
Қысқы спорт • Бүгін, 09:10
Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» португалиялық «Бенфикадан» басым түсті
Футбол • Бүгін, 09:07