20 Желтоқсан, 2016

Көптен күткен қос қуаныш

128 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
img_1415Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қызылжар ауданында бірнеше әлеуметтік нысан жұртшылық игілігіне пайдалануға берілді. Бескөл кентінде бой көтер­ген 18 пә­терлі арендалық жатақ­ха­на­ның ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров қа­тысып, жаңа пәтердің кілттерін табыс етті. Ол өз сөзінде биыл өңірде 170 мың шаршы метр тұрғын үй тұр­ғы­­зылғанын, «Жұмыспен қам­тудың жол картасы-2020» мем­­лекеттік бағ­дарламасы ая­сын­да 307 елді мекенде және 4 шағын қалада абаттандыру жұ­мыс­та­ры жүргізіліп жатқанын жет­кізді. Сонымен қатар, ауыл­іші­лік жолдар жөнделіп, жа­рықтандырылды, спорт ке­шен­дері қалпына келтірілді. «Лира» ЖШС өзіне жүктелген тапсырмаларды тап-тұйнақтай атқарып, еңбек учаскелеріне 40-қа жуық жергілікті тұрғын тартылған. Оны салуға рес­пуб­ликалық және жергілікті қа­зы­на­лардан 160 миллион тең­ге бөлініп, абаттандыруға, инженерлік желілер тартуға 44 миллион теңге бағытталған. Орталықтандырылған жылыту жүйе­сі­не қосылған. Үш бөлмелі жайлы пә­терге қоныстанған Руслан мен Дана Кәкеновтар «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында алты ай өндірістік тәжірибеден өтіп, ауданда жұмысқа орна­лас­қан. Руслан «Күзет» меке­месінде, Дана аудандық жер қатынастары бөлімінде қызмет атқарады. Жас отбасыларға ай сайын бар-жоғы 5 мың теңге жалгерлік ақы төлеу жеңілдіктері қарастырылған. Осы ауданның Новоникольск ауылында тағы бір нысан ашылды. Заманауи құрал-жаб­дық­тар орнатылған дәрігерлік ам­бу­латорияның екі мыңдай тұр­ғы­ны бар елді мекен үшін маңызы зор екені айтпаса да түсінікті. Енді, бас ауырып, балтыр сыздай қалса, алысқа сабылмайды. Мұнда науқастарға барлық жағдай жасалған. Дәрігерге дейінгі тексеру, медициналық мұрағат, физиотерапевт және тағы басқа 26 кабинет орналасқан ғимараттың жалпы аумағы 416 шаршы метрді құрайды. Ем-доммен тоғыз маман айналысады. Жалпы, практика және тіс дәрігерлерімен де қамтылған. Ал­дағы уақытта науқастардың ден­сау­лығына қатысты жиынтық мә­лім­ет­терді қамтамасыз ететін электро­н­- ­ды құжаттандыру жүйе­сіне көшу, сондай-ақ, көрші елді мекендердің тұрғындарына да медициналық көмек көрсету жоспарланған. А.Сапаров ұжымға «жедел жәрдем» кө­­лігін тарту етті. Та­ғы екі көлік орта­лық аурухана мен Соколовка фель­д­шер­лік-аку­шерлік пунктке берілді. Дәрігерлік амбулатория Қазақс­танның Еңбек Ері, бел­гі­­лі диқан Геннадий Зенченко же­­текшілік ететін ко­мандиттік се­рік­тестік бөлген 75 миллион теңгеге тұрғызылды. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы