20 Желтоқсан, 2016

20 желтоқсанға арналған ауа райы

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20 желтоқсан күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде  атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Тек оңтүстік және оңтүстік шығыс аумақтарда сейсенбі жауын-шашынсыз өтеді, деп хабарлайды«Қазгидромет» РМК. Ақмола облысында 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні 23-28 м/с-қа күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын болады. Қарағанды, Павлодар облыстарының кей аумақтарында бұрқасын соғып, 15-20 м/с-пен ұйытқыған жел 25 м/с-қа күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі. Алматы облысының кей жерлерін түнде және таңертең тұман басады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с-қа артады. Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында тұман, көктайғақ күтіледі, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Қостанай облысының кей жерлерінде - тұман, 15-20 м/с-пен соққан жел 23 м/с-қа күшейеді. Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні - 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде бұрқасын соғып, 15-20 м/с жылдамдықта жел болады. Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады. Маңғыстау облысында тұман, көктайғақ күтіледі.