20 Желтоқсан, 2016

Үрімжіде қазақстандық студенттер Тәуелсіздікке арнап концерт өткізді

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-12-16-studentter

Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының жастары (KSAC) Үрімжі қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап мерекелік концерт өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шара 16 желтоқсан күні Үрімші қаласында ҚР СІМ Паспорт-виза қызметінің қолдауымен өтті. Оның басшысы Марғұлан Күзекбаев ҚХР-дағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышевтың атынан мерекеге жиналған 200-ден астам қонақты құттықтап, оқуда табыс тіледі. Концерттік бағдарламаға Нұрқанат Рахметов («Көк тудың желбірегені» әні), Шыңжаң қаржы-экономикалық университетінің студенттері («Қамажай» биі), Айнар Шаймарданова («Қазақ жастарының ұраны» әні), Шыңжаң мемлекеттік университетінің студенті Абзал Омаров (домбырамен попурри), Әйгерім Қалибаева мен Аида Бегімбет (испан биі), Данияр Әбітаев («Отан-Ана» әні), Жадыра Ернар («Туған жер» әні) қатысты және KSAC өкілдері бірігіп «Қазақстаным» әнін орындады. Сонымен бірге, концерт барысында көрермендерге Қазақстан туралы бейнеролик көрсетіліп, мерекелік торт тарту етілді.