ҚР қазақ күресі федерациясы спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы мен Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен 21 желтоқсан күні Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орайластырылған клубтық командалар арасындағы Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының кубогы өтеді.
Федерация кубогына еліміз бойынша тоғыз клубтық команда қатысады. Олардың қатарында қазақ күресінен мамандандырылған мемлекеттік және жеке спорт клубтары бар. Бекітілген регламент бойынша жарысқа 18 жасқа толған балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша клуб сапында қатыса алады.
Турнир «бетпе-бет» олимпиадалық схемасы бойынша өтеді. Кубоктың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Бірінші орын алған команда 10 000 000 (он миллион), екінші орын 6 000 000 (алты миллион), үшінші орын 4 000 000 (төрт миллион) теңгеге ие болады. Бұл еліміз бойынша жүлде қорының қомақтылығы жағынан алғашқы үштікке кіретін жоба болып есептеледі.
Клубтық командалар арасында өтетін турнирде «Қазақстан Барысы» мен «Еуразия Барысы» турнирі арқылы көпшілікке кеңінен танымал балуандар өз аймағының намысын қорғайды.
• 20 Желтоқсан, 2016
Жамбыл облысында қазақ күресі федерациясының кубогы өтеді

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Кеше
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Кеше
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Кеше