20 Желтоқсан, 2016

ҚР СІМ Түркиядағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Түркия Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандықты қатаң айыптайды, деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.
"Өзге елдің құзіретті өкіліне қарсы жасалған бұл террорлық әрекет Ресей мен Түркия қатынасын бұзу мақсатында жасалған арандатушылық. Ресей тарабына, қайтыс болған Елшінің отбасы мен жақындарына көңіл айта отырып, аталған қылмыстың Түркияның құқық қорғау органдары тарабынан лайықты дәрежеде қаралуына үміттенеміз," - делінген хабарламада.