20 Желтоқсан, 2016

Бейжіңнен 169 әуе рейсі ұшырылмады

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бейжіңдегі қатты түтін кесірінен Шоуду халықаралық әуежайынан ұшатын 169 рейс кейінге шегерілді, деп хабарлайды ТАСС. "Тек қана Қытай емес, шетел әуе компанияларының да рейстері ұшырылмады", деп жазады агенттік. Әуежай әкімшілігінің хабарлауынша, жолаушылардың барлығы ыстық тамақпен қамтылып, ұшу кестесіндегі өзгерістер уақытылы хабарланып отыр. Агенттіктің айтуынша, қаладағы қатты түтінге өндірістік кәсіпорындар да әсер еткен. Әсіресе, жылу кезеңінде ауаға түсетін шаң-тозаң артқан. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қытайдың 27 қаласы ауаның қатты ластануынан экологиялық қауіптің қызыл деңгейін белгілеген болатын. Бұл қалаларда көлік қозғалысы шектелді, құрылыс тоқтап, балабақшалар мен бастауыш мектептер жабылды. Өндіріс орындарына атмосфераға шығатын залалды заттарды шектеу тапсырылды. Ал қала тұрғындарына далаға шықпау ұсынылып отыр. Әзірге бұл шаралар бейсенбіге дейін белгіленген.