20 Желтоқсан, 2016

Сағынтаев жыл қорытындысын бағалады

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкімет отырысын ашу кезінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша оң көрсеткіштер бар екенін атап өтті. Сонымен қатар Премьер-Министр Қазақстанның экономикалық өсімін қамтамасыз етуге барлық күшті жұмсауды тапсырды. Осы уақыт аралығында ІЖӨ 0,8%-ды құраған. «Қазір барлық резервтерді қолданудамыз. Біз әкімдермен және компаниялардың басшыларымен сөйлестік. Біз жылды 1%-дық өсіммен аяқтай аламыз, сол үшін осы бағытта барлық күшімізді жұмсауымыз керек», - деді Б.Сағынтаев. Еске сала кетейік, Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің атқарылуы қарастырылуда. Арнұр Асқаров, "Егемен Қазақстан".