20 Желтоқсан, 2016

Бишімбаев: Қазақстан экономикасының өсімі 11 ай ішінде 0,8% құрады

162 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысы барысында еліміздің 11 айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы мәлімдеді. «Қаңтар-қараша айларында экономика өсімінің 0,8% жылдамдауы байқалды, бұл қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 0,2% артық. Тауарлар өндірісінің өсімі 0,9%, қызметтер өсімі – 0,6%, өнімдерге салық – 2,4%», – деді Бишімбаев. «Бұл оң беталыстың экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды, кәсіпкерлікті, АӨК дамыту бойынша бағдарламалар мен жоспарларды, сонымен қатар жұмыспен қамту шараларын жүзеге асырудың арқасында қамтамасыз етілді», – деп атап өтті. Министр елде іскерлік және инвестициялық белсенділіктің сақталып отырғанын, қаржылық нарықтағы жағдайдың тұрақты екенін атап өтті. 11 айдың қорытындылары бойынша экономика өсімінің басты қозғаушы күштеріне құрылыс (өсім 7,5%), ауыл шаруашылығы (4,5%), көлік (3,8%), өңдеу өнеркәсібі (0,5%) тәрізді секторлар айналды «Өнеркәсіпте оң беталыстар байқалады. Қараша айында қазан айымен салыстырғанда өнеркәсіптегі өсім 4% құрады, ал өткен жылдың қараша айымен 1,1% болды. Өнеркәсіптегі өсімнің негізгі көздеріне өңдеу өнеркәсібіндегі өсімнің озық қарқыны айналды, ол тау-кен өнеркәсібінен жоғары болды», – деді Бишімбаев. 11 ай ішінде өңдеу өнеркәсібінде металлургия өнімінің өндірісі – 6,8%, азық-түлік өнімдері – 3,8%, фармацевтикалық өнім – 2,8%, кокс пен мұнай өнімдері – 0,3%. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірістің төмендеуіне қарамастан, машина жасауда қараша айында қазан айымен салыстырғанда 12,6% өсім байқалады. Тау-кен өнеркәсібінде мұнай, көмір, темір рудасын алуда динамика жақсарады. Қараша айында мұнай алу өсімі 2015 жылдың қараша айымен салыстырғанда 3% құрады. Нәтижесінде, 11 ай ішінде оны өндіру бойынша жоспарды асыра орындау 2,4% қамтамасыз етілді. Жоспарда 69,2 млн тонна болғанда, 70,8 млн тонна мұнай алынды. «Өсімнің басты факторы қыркүйек айында Қашаған кен орнының іске қосылуы болды. Бұл тәулігіне 75 мың баррелель көлемінде мұнайдың қосымша өндірілуін қамтамасыз етті», - деді министр. Арнұр Асқаров, «Егемен Қазақстан»