20 Желтоқсан, 2016

Қазақстанда экономика өсімінің жылдамдауы байқалады

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанда экономика өсімінің жылдамдауы байқалады. Бұл турады ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында белгілі болды. Үкімет отырысы барысында Қазақстанның 2016 жылғы 11 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары талқыланды. Биыл барлық дамушы елдер, оның ішінде Қазақстан да әлемдік экономикадағы бірқатар елеулі қатерлермен және көптеген сыртқы қатерлермен бетпе-бет келді. Бұған қарамастан, экономикада әртараптандыру, инфрақұрылымды, кәсіпкерлік пен АӨК дамыту бойынша бағдарламалар мен жоспарларды, сонымен қатар жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру есебінен оң беталыс қамтамасыз етілді. Елде іскерлік және инвестициялық белсенділік сақталды, қаржылық нарықтағы жағдай тұрақты. ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев биыл қаңтар-қараша айларында экономика өсімінің 0,8% дейін жылдамдауы байқалғанын атап өтті, бұл қаңтар-қазан айларындағымен салыстырғанда 0,2 пайыздық пунктке жоғары. Тауарлар өндірісінің өсімі - 0,9%, қызметтер өсімі – 0,6%, өнімдерге салық – 2,4% құрады. Экономика өсімінің басты қозғаушы күшіне құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және өңдеу өнеркәсібі айналды. Өнеркәсіпте оң беталыстар байқалады, оның өсімінің негізгі көздері өңдеуші өнеркәсіптегі өсімнің озық қарқыны болды, олар тау-кен өнеркәсібіндегімен салыстырғанда жоғары. Арнұр Асқар, "Егемен Қазақстан".