20 Желтоқсан, 2016

Мемлекеттік бюджет шығысы 20 пайызға өсті

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ағымдағы жылдың 11 айында мемлекеттік бюджет шығыстары 9 трлн. теңгеге жетті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. «Мемлекеттік бюджет шығыстары шамамен 9 трлн. теңгеге жетіп, 20 пайызға өсті. Өткен жылдың көрсеткіштеріне қарағанда игеру қарқыны анағұрлым жақсы. Мемлекеттік бюджет бойынша игеру өткен жылмен салыстырғанда 0,5, республикалық деңгейде 1,5 пайызға жақсы атқарылды», - деді Сұлтанов. Министрдің айтуынша, жергілікті бюджеттер бойынша игеру өткен жылдың дәл осы кезеңіне қарағанда 0,5 пайызға кем болды. «Тұтастай алғанда мемлекеттік бюджеттің шығыстары 97, республикалық бюджеттікі 98,2 және жергілікті бюджеттердікі 96,6 пайызға атқарылды. Жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджеттің шығыстарын атқару деңгейі 98,6 пайыз шегінде күтілуде», - деді ол.