20 Желтоқсан, 2016

«Нұрлы жолға» бөлінген қаржы 100 пайызға дерлік игеріледі

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Нұрлы жолға» бөлінген қаржы 100 пайызға дерлік игерілмек. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың 11 айы ішінде 435 млрд теңге, яғни жылдық көлемнің 92 пайызы игерілді. Жыл бойынша республикалық деңгейде атқарылу толық көлемде дерлік 99,9 пайыз деңгейінде күтіледі. Тек 0,5 млрд. теңге игерілмей қалайын деп тұр. Атап айтар болсақ, халықаралық қаржылық есептілік жобалары бойынша Ұлттық экономика министрлігі 235,6 млн теңге, білім және ғылым министрлігі  130,9 млн теңге және денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі  109,3 млн теңге», - деді министр. Оның деректеріне сәйкес, жергілікті органдар 215,5 млрд теңге, немесе алынған қаражаттың 94,5 пайызын игерді. Ал 12 млрд теңге игерілген жоқ. «Игерілмеудің ең көп көлемі Маңғыстау облысында - 1,4 млрд теңге, Ақтөбе облысында - 1,3 млрд теңге, Алматы және Ақмола облысында - 1,2 млрд теңгеден, Атырауда  1,1 млрд теңге мөлшерінде байқалады. Игерілмеудің негізгі себебі жұмыстардың өндіріс кестесінен қалу болып отыр», - деді Сұлтанов.