20 Желтоқсан, 2016

Сағынтаев бюджеттен бөлінген қаржыны уақытылы игеруді тапсырды

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев орталық мемлекеттік органдар басшылары мен аймақ әкімдерінің ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есептерін тыңдап, аталған ведомстволар мен өңір басшыларына бюджеттен бөлінген қаржыны уақытылы игеруді тапсырды. Премьер-Министр оқылған баяндамалар бойынша экономикада жақсы көрсеткіштер байқалатынын, жыл басымен салыстырғанда барлық өңірлерде оң үдерістер бар екенін атап өтті. Б.Сағынтаев жыл қорытындысы бойынша ІЖӨ 0,5% деңгейінде жоспарланғаны, бірақ қазір ол 0,8%-ды құрайтынын еске салды. «Бүгін біз тыңдаған барлық баяндамалар жылды 1%-дық ІЖӨ деңгейінде аяқтауға мүмкіндігіміз бар екенін көрсетеді»,-деді Б.Сағынтаев. Сондай-ақ, Премьер-Министр бюджет қаржысының игерілуіне, әсіресе, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарлаимасы аясындағы бюджет қаржысының игерілу барысына назар аударды. «Өңірлерге бағытталған барлық қаражатты игеру керек, Бақыт Тұрлыханұлы (ҚР Қаржы министрі Б.Сұлтанов ескерту), орталық атқарушы органдармен мониторинг жасау қажет болады. Объективті жағдайлар болатыны түсінікті, дегенмен негізгі бағыттар бойынша ақша игерілуге тиіс»,- деп атап өтті Б.Сағынтаев. Арнұр Асқаров, "Егемен Қазақстан".