«Бока Хуниорс» футбол клубының және Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Карлос Тевес Қытайдың «Шанхай Шеньхуа» командасына ауысып, әлемдегі жалақасы ең жоғары футболшы атанады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Аргентиналық клубтың басшылығы бұл істің жақын арада орын алатынын ресми түрде растады. Алайда, трансфер құны әзірге белгісіз.
The Daily Mail басылымының мәліметі бойынша, оның жаңа клубтағы бір апталық жалақысы 615 мың фунтты құрайды.
Бұған дейін әлемдік БАҚ Тевестің отандасы, «Хэбэй Форчун» ұжымының шабуылшысы Эсекель Лавессиді еңбекақысы жоғары футболшы ретінде жарыса жазған болатын. Ол аптасына 577 мың еуро алады.
Бұл көрсеткіштерді Еуропаның үздік ойыншыларымен салыстырар болсақ екі есеге дейін көп. Мәселен, жақында ғана «Алтын доп» иегері атанған «Реалдың» форварды Криштиану Роналду аптасына 427 мың еуро, ал «Барселонаның» жұлдызы Лионель Месси 316 мың еуро алады.
Айта кетейік, Карлос Тевес «Бока Хуниорстың» академиясынан шыққан. Еуропада «Вэст Хэм», «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити» және «Ювентус» командаларында өнер көрсеткен. Аргентина ұлттық құрамасында 2004 жылдан бері 76 ойынға қатысып, 13 гол соққан. Отандастарымен 2004 жылы Афина Олимпиадасын жеңіп алса, 2005 жылы Конфедерация кубогының, сондай-ақ 2005, 2007, 2015 жылдары Америка кубогының вице-чемпионы атанған.
• 20 Желтоқсан, 2016
Жалақысы ең жоғары футболшының есімі белгілі болды

Боранға байланысты қай жолдар жабылды?
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматыда есірткінің ірі көлемін саудалағандар ұсталды
Заң • Бүгін, 09:50
Су қоймаларының құрылысы қалай жүріп жатыр?
Қоғам • Бүгін, 09:42
Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Цифрландыру дәуірінде балалардың көзін қалай қорғауға болады?
Балалар • Бүгін, 09:17
Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық
Саясат • Бүгін, 09:00
Көлік саласындағы келелі істер
Саясат • Бүгін, 08:55
Пікір • Бүгін, 08:50
Инфляция: Қатаңдық емес, икемділік керек
Экономика • Бүгін, 08:45
Индустриялық аймақтар өркендеп келеді
Экономика • Бүгін, 08:40
Цифрлық таңбалау – сапаны қадағалау
Экономика • Бүгін, 08:35
Ғалымдар мәртебесі айқындалады
Үкімет • Бүгін, 08:32
Руханият • Бүгін, 08:30
Текті әулеттен шыққан өр тұлға
Тұлға • Бүгін, 08:25