20 Желтоқсан, 2016

Мейрам алдындағы бәсеңдеген сауда мұнай бағасын төмендетті

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сейсенбі күні таңғы саудада трейдерлердің сауданы азайтып, келе жатқан жаңа жыл мерекесі алдында жылдық табысты бөлісуіне кірісіп кеткендіктен, мұнай бағасы біртіндеп төмендей бастады. Астана уақытымен 12:36-да Брент бағасы 0,13 пайыз әлсіреп, барреліне 54,85 долларға саудаланды. Саудагерлердің айтуынша, қазіргі таңда көптеген қор биржаларының кеңселері жабылып, сауда бәсеңдей түскен. Сарапшылардың пікірінше, осы аптада сауда дұрыс жүрмей қоюы мүмкін. Нәтижесінде бағаның көтерілуі де неғайбыл.