20 Желтоқсан, 2016

Теңгедегі депозит көлемі артып келеді

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырысында 2016 жылы теңге депозиттері үлесінің ұлғаюы және шетелдік валюта депозиттерінің төмендеуі туралы хабарлады. «2016 жылы депозиттер құрылымының өзгеруі орын алды. 11 ай ішінде теңге депозиттері, бұл алдын ала деректер, 53,2%-ға өсті, шетелдік валюта депозиттері 10%-ға төмендеді. Нәтижесінде депозиттердің долларлану деңгейі 2016 жылғы қаңтарда болған 70% мөлшеріндегі ең жоғары деңгейден 2016 жылғы қарашадағы 56,7%-ға дейін төмендеді», - деп хабарлады Ұлттық банк басшысы. Д. Ақышев атап өткендей, заңды тұлғалардың теңге және шетелдік валюта депозиттері теңескен. «Жеке тұлғалардың салымдары құрылымында шетелдік валюта депозиттерінің үлесі 2016 жылғы қаңтардағы ең жоғарғы 80% құрайтын мәнінен 2016 жылғы қарашадағы 64,4%-ға дейін төмендеді», - деді Д. Ақышев. Сондай-ақ, ол Ұлттық банк сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен қалыптасатын іргелі трендтерге кедергі келтірмейтінін қосты. «2016 жылғы қыркүйектен бастап үш ай ішінде Ұлттық банк валюталық нарықта басқыншылықтар жүргізбейді, сәйкесінше, біздің қатысу үлесіміз 0% құрайды», - деді Д. Ақышев. Оның айтуы бойынша, биылғы жылдың желтоқсанында теңгенің нығаюы байқалады. Осылайша, теңге бағамы қазіргі уақытта оң динамикаға ие іргелі факторлардың әсерінен ғана қалыптасады.