20 Желтоқсан, 2016

«ForteBank» басшысы ауысты

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазкоммерцбанк басқармасының бұрынғы басшысы Мағжан Әуезов «ForteBank» АҚ-ны басқарды, деп хабарлады банктың баспасөз қызметі.   «ForteBank» директорлар кеңесі бүгін банк басқармасы құрамындағы өзгерістер туралы шешімді қабылдады. 2015 жылғы 28 желтоқсаннан бастап банк басқармасының төрағасы лауазымын атқарған Талғат Қуанышевтің өкілеттігі 2016 жылғы 20 желтоқсаннан бастап тоқтатылды. Басқарманың жаңа төрағасы болып таяуда директорлар кеңесінің құрамына кірген Мағжан Әуезов тағайындалды.