20 Желтоқсан, 2016

Анкара көшелерінің біріне елші Андрей Карловтың есімі беріледі

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түркия СІМ басшысы Мәуліт Чавушұлы Анкарадағы Ресей елшілігі орналасқан көшеге қастандықтан мерт болған ресейлік елші Андрей Карловтың есімі берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы М.Чавушұлы Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуде мәлім етті, деп хабарлады russian.rt.com. Бұған дейін Лавров Анкарадағы ресейлік елші А.Карловтың қазасын жауыздықпен жасалған лаңкестік оқиға деп атады. 19 желтоқсан күні Анкарада «Ресей Калининградтан Камчаткаға дейін» атты көрменің ашылуында сөз сөйлеп тұрған елшіні қарулы ер адам атып өлтірді.