20 Желтоқсан, 2016

Обама Арктикадан мұнай өндіруге тыйым салады

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АҚШ президенті Барак Обама Арктика мен Атлант мұхитындағы АҚШ-қа тиесілі мұнай өндірісіне тыйым салмақ, деп хабарлайды Блумберг. Обаманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін артынша Канада да осындай қадамға баруы мүмкін. Агенттіктің хабарлауынша, Атлант мұхитындағы, Чукот теңізі мен Бофорт теңізіндегі кен орындарындағы мұнай кен орындарын игеруге тыйым салынбақ. Келер жылдан бастап президенттікке келетін Трамп бұл шешімнің күшін жою үшін кемінде бір жыл тырысатын болады, деп жазады басылым. Трамп өзінің сайлауалды бағдарламасында АҚШ энергетикасын дамытатынын айтқан еді.