20 Желтоқсан, 2016

Ағылшын полицейлері ғылыми дәреже алуға міндеттелді

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның полиция колледжі (College of Policing) Англия мен Уэльстің барлық полицейлерінде мамандығы бойынша жоғары білім туралы диплом болуы керектігін айтты, деп хабарлайды ВВС.

Басылымның хабарлауынша, жаңа ереже келесі жылдан бастап күшіне енеді. Ал колледж бұл шешім полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін арттыратынына сенімді. Енді қазіргі және болашақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері 3 жылдық оқу бағдарламасынан өтіп, ғылыми дәреже алуы керек.

Полиция колледжінің мәліметтеріне сенсек, қазір полицейлердің тек 38%-ы қайта дайындықтан өтіп, қолдарына диплом алған. Колледж басшысы Констель Алекс бұл полиция қызметкерлері дайындығының төмен деңгейін көрсетеді деп отыр. "Біздің салада кәсіби дамудың төмен деңгейі өте алаңдатарлық жағдай", деді Маршалл. Бұл бағдарлама салық төлеушілер есебінен жүзеге асырылмақ.