20 Желтоқсан, 2016

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Елбасы қоғам қайраткері Өмірзақ Айтбаевты қабылдады. Кездесуде Ө.Айтбаев Қазақстан Президентіне «Қазақ тiлi» халықаралық қоғамының жұмысы туралы баяндап, мемлекеттің қазақ тілін қолдау саласындағы маңызды рөлін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ө.Айтбаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ  Нұрсұлтан Назарбаев қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Аманжол Қалықовты қабылдады. Мемлекет басшысы әңгіме барысында А.Қалықовқа ел игілігі жолындағы еңбегі үшін алғыс айтып, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Ұлы Отан соғысының ардагері өз сөзінде республикамыздың тәуелсіздігін нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру ісіндегі Елбасының баға жетпес еңбегін атап өтті.