20 Желтоқсан, 2016

Елбасы Ұлы Отан соғысының ардагері Аманжол Қалықовты қабылдады

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Нұрсұлтан Назарбаев қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Аманжол Қалықовты қабылдады, деп хабарлады akorda.kz.
Мемлекет басшысы әңгіме барысында А.Қалықовқа ел игілігі жолындағы еңбегі үшін алғыс айтып, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Ұлы Отан соғысының ардагері өз сөзінде республикамыздың тәуелсіздігін нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру ісіндегі Елбасының баға жетпес еңбегін атап өтті.