21 Желтоқсан, 2016

21 желтоқсанға арналған ауа райы

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін еліміздің басым бөлігінде  атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, тек оңтүстік-шығыс аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын соғып, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысында 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 25 м/с артады, күндіз кей жерлерде бұрқасын болады. Қарағанды облысының жекелеген жерлерінде бұрқасын, тұман болып, желдің жылдамдығы 23 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей аумақтарында бұрқасын, тұман күтіледі, түнде және таңертең 15-20 м/с жел болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, түнде 15-20 м/с жылдамдықта жел болуы мүмкін. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерді тұман басады.