21 Желтоқсан, 2016

Ауылдағы жұмыс техникасы кабинеті

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Целиноград ауданындағы «Родина» ауылының мектеп оқу­шы­лары қуаныш құшағында. Мұн­­да  жұмыс техникасы ка­би­нетінің таныстырылымы өткі­зіл­ді. Бұл тамаша да аса пай­да­лы тәлім ордасын барлық қа­жет­ті жабдығымен «Родина» Агро­фирмасының» директоры, Қазақ­стан­ның Еңбек Ері Иван Сауэр тарту етті. Жаңа жұмыс техникасы ка­би­нетінде оқушылар физика, инфор­матика, математика, тағы бас­қа пәндер бойынша өздерінің білім­дерін заманалық талаптар  дең­гейінде жетілдіруге мүмкіндік алады. Мәселен, математика бо­йынша бағдарламалар түзу ар­қылы алгоритмдер сырына қа­ны­ғуға, информатика саласын­да күр­делі бағдарламаларға бой­лау­ға болады. Сондай-ақ, ауыл ба­ла­лары жоғары тех­но­ло­гиялық жүйе­­лер сырын ұғы­нып, игі ар­ман­­дарына жол салатыны да анық. Ауыл балаларының қуаны­­ш­ы­на жергілікті тұрғындармен бір­­­­ге  Парламент Мәжілісінің де­­­­пу­таты Юрий Тимошенко, Қазақстан халқы Ассамблеясы Тө­­ра­ғасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Целиноград ау­даны­ның әкімі Малғаждар Тәт­кеев те ор­тақтасып, заманалық бі­лім жолын­да табыстар тіледі. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы