21 Желтоқсан, 2016

Қостанайда екі адамды үсік шалды

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ауа райын болжаушылар алдын ала ескерткендей, Қостанайда аяз күшіне мінді. Түнде 40 градустан асса, таңертең 38 градусты көрсетіп тұрды. Қалалық ауруханаға үсік шалған, белгілі тұрғылықты жері жоқ екі адам жеткізілді. Дәрігерлер екеуіне де 2-ші және 3-ші сатыдағы үсік деген диагноз қойды. Аяздан зардап шеккен екеуі де ішімдік ішіп, далада қалған. Дәрігерлер аязда ішімдік ішпеуге, үйде отыруға, сыртқа шыққанда жылы киінуге кеңес беріп отыр. Сонымен қатар, полицейлер облыстың барлық бағыттағы жолдарына дизель отынымен жүретін көліктерді шығармай, кейін қайтаруда. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»