Каспий – Қазақстанды сауда-саттық, халықаралық тасымал тұрғысында әлем елдеріне алып шығатын теңіз қақпасы. Су айдынының қазақстандық секторының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еліміздің Әскери-теңіз күштері бөлімдері күні-түні қырағы күзетте.
Аталмыш әскери құрылым тәуелсіздік мерекесі қарсаңында зор жаңалыққа ие болды. Қазақстан Әскери-теңіз күштері тарихында алғаш рет Ақтау теңіз-сауда порты аумағынан әскери айлақ ашылды. Құрылыс жұмыстары биыл ақпан айында басталған айлақтың ұзындығы 400 метрден асады, ал құрылыс жұмыстарына 3 миллиардтан астам теңге жұмсалған.
Бұған дейін әскери кемелер Баутин кентіндегі айлақты жалдамалы негізде пайдаланып келген болатын. Әскери базадан 140 шақырым қашықтықта орналасқан Баутин айлағына барып қызмет ету Ақтау қаласында тұратын әскери қызметкерлер үшін қолайсыздық тудырып келген еді. Кемелер бұрын толық әскери дайындыққа келу үшін алты сағат уақыт керек болса, енді небәрі екі сағатта сақадай-сай бола алады. Сондай-ақ, Каспий теңізінің қазақстандық секторында болуы мүмкін келеңсіздіктердің дер кезінде алдын алуға, әскери-техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырды. Оған қоса, бұл Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы ықтимал келеңсіздіктердің дер кезінде алдын алуға әскери-техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, вице-адмирал Жандарбек Жанзақовтың айтуынша, әскери теңізшілер бұл тұрақты он жыл күткен. Айлақтың жақын болуы әскери теңізшілерге қатысты әлеуметтік мәселелерге де оң әсер етпек. Айтуынша, «Antares Platinum» ЖШС-нің жобалауымен «Әскери-Құрылыс» АҚ салған жобалық қуаты 10 әскери кемеге арналған айлақта Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі жағалау күзетінің кемелері де орналаспақ.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы

Қазақстан ғарышты жаңа тәсілмен зерттеуге көшеді
Қазақстан • Бүгін, 20:20
Қазақстан чемпионатының бесінші туры қандай нәтиже көрсетті?
Футбол • Бүгін, 20:00
Қарағандыда шатырдан кірпіш құлап, 3 жастағы бала зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 19:20
Павлодарда жер опырылып, екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:00
Қарашығанақ жобасы: газ жеткізу мен баға мәселесі талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды
Форум • Бүгін, 18:12
Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр
Ғылым • Бүгін, 18:03
Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады
Елорда • Бүгін, 17:51
Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілді
Оқиға • Бүгін, 17:43
Шетелдік автосаяхатшы Алматының көрікті жерлерін аралады
Туризм • Бүгін, 17:12
Гимнасшылар Хорватиядан үш жүлдемен оралды
Спорт • Бүгін, 17:03
ЖИ көмегімен жасалған мультфильм кинотеатрдан көрсетілді
Қоғам • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 16:32