Тәуелсіздік тәу етер тұғырымыз екені айдай шындық. Сондықтан бұл күнге әркімнің таралғылы тартумен келуге ықыласты екені сөзсіз. Өңірде осы бір қастерлі де қасиетті күні көптеген игі шаралар жүзеге асты. Соның бірі де бірегейі «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығының ашылуы дер едік.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бізге әр баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету міндетін қойды. Бүгінде елімізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3 мыңнан астам жас тұрады. Жыл сайын оларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50-60 пәтер бөлінеді. Тұрғын үймен қамтамасыз етуді арттыру үшін өңірде жетім балаларды мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдайтын кешенді бағдарлама қабылданды, – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Өңір басшысының бастамасымен жүзеге асырылған әлеуметтік жобаға «Сәби» қайырымдылық қоры 4 миллиард теңге қаржы бөлді. Маңызды нысанның ашылуына қордың құрылтайшысы, Қазақстанға белгілі меценат Кеңес Рақышев арнайы келді. Өңір басшысы «Сәби» қайырымдылық қоры мен Кеңес Рақышевқа осындай ауқымды және маңызды жобаны жүзеге асырғандары үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде Кеңес Рақышев алдағы көктем айында орталықтың аумағы толықтай абаттандырылып, спорт алаңдарымен жабдықталатынын жеткізді. «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 80 жастың әрқайсысы жеке пәтерге ие болады. Мұндай жағдай Ақтөбе қаласында жұмыс жасап тұрған Жасөспірімдер үйінде де мүмкін болмаған еді. Бір пәтердің жалпы аумағы 40 шаршы метрді құрайды. Жайлы баспана қажетті коммуникациямен және жиһаздармен жабдықталған. Жасөспірімдер үйімен салыстырғанда жастар мұнда 23 жасқа дейін емес, 29 жасқа дейін тұра алады. Осы уақыт аралығында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы өз баспаналарын сатып алу үшін жеткілікті қаражат жинауларына мол мүмкіндік бар.
Әлеуметтік үйде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың түлектері де тұратындықтан, тұрғын үй ғимаратының жанынан оларға еңбек етіп, жалақы алуға мүмкіндік беретін шағын цехтар салынған. Қазіргі таңда шаштараз, аяқ киім жөндеу және киім тігу цехтары жаңа жұмысшыларды қабылдауға дайын. Әлеуметтік үй тірек-қимыл аппаратының бұзылуын реттейтін жаттығу құрылғылары бар емдік денешынықтыру залымен қамтылған.
Тәуелсіздік күні шаһардың «Батыс» шағын ауданында «Құлагер» мемлекеттік балабақшасы да өз есігін айқара ашты. Аумағы 5,2 мыңнан астам шаршы метр болатын екі қабатты ғимаратқа 320 бүлдіршін баратын болады.
Айта кету керек, 320 орындық мектепке дейінгі мекеме «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ашылған 33-ші балабақша. Оны салуға 433 миллион теңге бөлінген.
Өңір басшысы көліктік-логистикалық орталықтың ашылуына да қатысты. Көліктік-логистикалық орталықтың басты артықшылығы оның, әсіресе, жаһандану жағдайында маңызы артқан қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымен байланыстырылады. Нысанда тауарды тиеп, түсіретін темір жол торабы бар. Орталық жылына 70 583 тоннаға дейін жүк қабылдап, өңдемек.
«Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы аясында «Бектұрова Ж.А» жеке кәсіпкерлігіне орталық құрылысы үшін пайыздық мөлшерлеме мен субсидиялау түрінде 550 миллион теңге және құрал-жабдықтар сатып алуға 2070 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Тәуелсіздік күні аумағы 16 000 шаршы метрді құрайтын «Шебер» гипермаркеті де ашылды. Аталған жобаны қаржыландыруға 2,5 миллиард теңге бөлініп, 260 жұмыс орны ашылған. Жобаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік қолдау аясында құны 630 миллион теңге болатын құрал-жабдықтарды сатып алып, айналымдағы қаржыны толтыру үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша жағдайлар жасалды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АҚТӨБЕ
Суретті түсірген
Хайреден РАУШАНОВ

Олимпиада-2026: Қазақстанның ерлер құрамасы скиатлонда қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Бүгін, 17:49
Алматыда кейбір көше қиылыстарындағы бағдаршамдардың жұмысы өзгереді
Аймақтар • Бүгін, 17:05
Астанада LRT жобасының екінші кезеңіне дайындық басталды
Елорда • Бүгін, 16:52
«Жезқазған – Петропавл» тасжолында екі адам көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 16:21
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 15:30
Қостанай облысында 6 теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Қонаевта медициналық кампустың құрылысы қашан басталады?
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Азия чемпионаты: Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден күміс жүлдегер атанды
Спорт • Бүгін, 14:00
Жаңаталап ауылында жаңа медициналық пункт ашылды
Аймақтар • Бүгін, 13:53
Ғылыми қауымдастық жаңа жобаны талқылады
Ата заң • Бүгін, 12:48
Бокстан Қазақстан құрамасы Испаниядағы турнирде 6 алтын медаль жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 11:54
Шала туған 730 грамдық шарана қалай аман қалды?
Медицина • Бүгін, 11:42
Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Президент • Бүгін, 11:27
8 ақпандағы доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:40
Grand Slam: Дзюдошы Аман Бақытжан Париждегі турнирде қола жүлдегер атанды
Спорт • Бүгін, 10:27