22 Желтоқсан, 2016

Фитосанитарлық және ветеринарлық қауіпсіздік ерекше бақылауда

296 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөндірістік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуде. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жаңа бағдарлама шеңберінде фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шаралары жөнінде әңгіме қозғалды. Шараға Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төра­ға­сы­ның міндетін атқарушы Ал­мабек Марс және аталған ми­ни­стр-­ ліктің Ветеринариялық қа­да­­ғалау және бақылау комитеті тө­ра­ға­сының орынбасары Олжас Аусабаев қа­тысты. АӨК мемлекеттік инспекция ко­ми­теті төрағасының міндетін ат­қа­рушы жа­нуарлар ауру­ы­ның алдын алу және зиянды ағза­лармен күрес бойын­ша жұ­мыстар жүргізіліп жатқанын мә­­лім етті. «Республика аумағында дұ­рыс вете­ринарлық және фи­то­­санитарлық ортаны қам­та­масыз ету үшін министр­лік зиянды ағзалармен күрес және жануар­лар­дың аса қауіп­ті ауруларының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еуразия­лық экономикалық одақ­тың сыртқы шекараларына шы­ғарылатын және республика аумағына әкелінетін импорттық өнімдердің фитосанитарлық және ветеринарлық талаптарға сәй­кестігіне тұрақты бақылау жүргізіліп отыр», – деп атап өтті А.Марс. Оның айтуынша, жаңа мемлекеттік бағдарлама шең­берінде фитосанитарлық қау­іп­­сіздікті қамтамасыз ету­дің негізгі шаралары фитоса­ни­тария саласындағы мем­ле­кет­­тік қызметтердің норма­тив­­­тік негіздерін, зиянкестер­мен күрес әдістерін же­тіл­ді­руге, фитосанитарлық қор­ғау сұ­рақ­тарында ауыл шаруа­шы­лы­ғы құрылымдарын қорғау ша­раларын және олардың жер­­ді оңтайлы пайдалануда жауап­кершілігін арттыруға, сон­дай-ақ фитосанитария және басқа да салаларды бақылау сұ­рақ­тары бойынша шет мемлекеттермен қарым-қатынасты бе­кіт­уге бағытталған. Соны­мен қатар, бағ­дарлама шең­берінде зертханалардың ма­те­риалдық-техникалық қам­тамасыз етілуін және фито­санитарлық бақылау посттарын халықаралық талаптар деңгейіне дейін жеткізу көзделген. Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан»