22 Желтоқсан, 2016

Түркия мен Әзірбайжан өзара сауданы төл валюталарымен жасайды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түркия шет елдік әріптестерімен өзара сауданы ұлттық валюталарында жасауға көшіп жатыр. Бұған дейін елдің Ресей, Иран, Қытаймен осындай келісімге келгені айтылған еді. Сонымен қатар Жапония да Түркиямен тек лира және иенмен саудаласуға мүдделі екенін мәлімдеген еді, деді кеше Бакуде Түркияның ұлттық экономика министрі Нихат Зейбекші журналистерге берген сұхбатында. Бұл туралы Haberler басылымы жазады. Министрдің айтуынша, өзара сауданы жүз пайыз ұлттық валютаға көшіру мүмкін емес, дегенмен Анкара бұл бастаманы жеделдетуге бар күшін салып жатыр. Зейбекшінің айтуынша, Баку мен Анкараның сауда-экономикалық қатынастары соңғы жылдары жаңа деңгейге көтерілді. "Қазіргі таңда екі ел арасындағы тауар айналымы 3,5 млрд долларды құрайды. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш 10-15 млрд долларға ұлғайтылмақ", - деді Зейбекші.