22 Желтоқсан, 2016

Nokia Apple корпорациясын сотқа берді

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Nokia финдік трансұлттық компаниясы америкалық Apple корпорациясының патенттік құқықтарды бұзғаны үшін еуропалық және америкалық соттарға бірнеше талап арыз жазды, деп хабарлайды Қазақпарат. 2013 жылы Nokia Solutions and Networks және 2016 Alcatel-Lucent меншіктік құқығын алған Nokia үш зияткерлік меншік портфеліне ие. Nokia Technologies  2011 жылы бекітілген лицензиялау туралы келісімнен бері Apple Нокианың өзге де патенттелген құрылғыларды лицензиялау туралы ұсыныстарынан бас тартып келген еді. Nokia берген талап арыздарда мобильді құрылғының түрлі элементтеріне қатысты 32 патент туралы сөз қозғалған. Айта кетейік, 2017 жылы Nokia бренді смартфондар нарығына қайта оралуды көздеп отыр.