22 Желтоқсан, 2016

ЕО Түркиямен Кедендік одақ келісімін жаңартпақшы

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуропалық комиссия ЕО Кеңесіне Еуродақ пен Түркия арасындағы Кедендік одақ туралы келісімді жаңарту бойынша Анкарамен ресми келіссөздерді бастауға рұқсат сұрайды. Мұндай шешім Еурокомиссияның апта сайынғы отырысы қорытындысы бойынша қабылданды, деп хабарлайды Haberler басылымы. "Кедендік одақтың жаңартылуы екі тараптың да экономикасына оң ықпал етеді", - делінген Еурокомиссияның мәлімдемесінде. Мәлімдемеде айтылғандай, Түркия мен ЕО арасындағы Кедендік одақ 1995 жылдың 31 желтоқсанында құрылған, қазір ол жаңа дәуірге бейімделуі тиіс. "Қазіргі күйінде Кедендік одақ шарттары тек өнеркәсіптік тауарларды қамтиды. Ауыл шаруашылық саласы құжатта қарастырылмаған", - делінген мәлімдемеде. Түркия Еуроодақтың ауқымы бойынша бесінші ірі әріптесі. Тараптардың қазіргі тауар айналымы 140 млрд еуроны құрайды. "Еуроодақтың сыртқы саудасының 40 пайызы Түркиямен жасалады. Ал Түркия өз кезегінде сырттан алатын инвестициясының үштен екісін Еуроодақтан алады", - деп жазылған мәлімдемеде.