Ауа райының қолайсыздығынан және ұшақтардың кешігіп келуінен Алматы халықаралық әуежайында 13 рейс кейінге қалдырылып, 4 рейс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 желтоқсан күні таңғы 8-де мына рейстер кешікті:
1. DV725 Алматы-Өскемен (кешіккен жолаушыларды күту) СКАТ
2. DV713 Алматы-Астана (әуе кемесі командирінің шешімімен) СКАТ
3. КС851 Алматы-Астана (ұшақтың кешігіп келуі) Эйр Астана
4. КС127 Алматы-Ташкент (ұшақтың кешігіп келуі) Эйр Астана
5. DV729 Алматы-Қостанай (ұшақтың кешігіп келуі) СКАТ
6. КС301 Алматы-Өскемен (ұшақты алмастыру) Эйр Астана
7. КС621 Алматы-Астана-Франкфурт (ұшақтың кешігіп келуі) Эйр Астана
8. SU1941 Алматы-Мәскеу (ұшақтың кешігіп келуі) Аэрофлот
9. DV733 Алматы-Астана (ұшақтың кешігіп келуі) СКАТ
10. IQ353 Алматы-Астана (ұшақтың кешігіп келуі) Қазақ Эйр
11. LH647 Алматы-Франкфурт (ұшақтың кешігіп келуі) Люфтганза
12. HU7934 Алматы-Бейжің (ұшақтың кешігіп келуі) Хайнань Эйрлайнз
13. PS538 Алматы-Киев (ұшақтың кешігіп келуі) Украина халықаралық әуе желілері
Төмендегі рейстер тоқтатылды:
1. T5 711/712 Алматы – Ашхабат – Алматы (Жүктің болмауы) Түркімен әуе желілері
2. КС987 Алматы-Үрімші (Үрімжі қ. метеожағдайы) Эйр Астана
3. KC 671/672 Алматы-Астана-Алматы (өндірістік қажеттілік) Эйр Астана
4. КС 853/854 Алматы-Астана-Алматы (өндірістік қажеттілік) Эйр Астана